Тарихы терең Тараз – ежелгі өркениеттердің ізі қалған, ғасырлармен тілдескен көне шаһар. Бұл қаланың көркі тек өткеннің ескерткіштерімен ғана емес, бүгіннің жарқын келбетімен де көрініс табады.
Соңғы жылдары Тараз қаласында қала кеңістігін көркейтуге, сәулеттік мәдениетті жаңғыртуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.
Соның бір айқын көрінісі – шаһар аумағындағы 12 арканың жаңартылуы. Оның 3-еуіне демонтаж жасалса, қалғандарының сыртқы қасбеті заманауи құрылыс материалдарымен әрленіп, жарықтандыру жүйелерімен толықтырылды.
Арка – жай ғана өткел емес, қаланың айнасы, оның рухани кескін-келбеті. Тараздың әрбір қақпасы мен аркасы өткен мен бүгінді жалғап тұрған сәулеттік белгі ретінде маңызды орын алады. Сондықтан да бұл нысандарды жаңарту сыртқы келбетті өзгерту ғана емес, шаһардың мәдени коды мен тарихи болмысын жаңаша өрнектеуге жол ашады.
Еркін Сайын