Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жақсының жақсылығын айт…

0 56

Бүгінде мемлекетіміз өркендеп, дамып, әлемдегі мықты мемлекеттермен терезесі теңесті деп айтсам, қателеспеген болармын. Еліміздің дамуына Президентіміз бен ел билігіндегі азаматтар аянбай еңбек етуде. Ұтымды ойлар мен тиянақты істер, халық үшін оң шешімдер мен сенімді жоспарлар күн санап артуда.

Ел болған соң халықтың әлеуметтік деңгейі әртүрлі болатыны анық. Әрі жан-жақтан аяқ алысымызды аңдып отырған көршілес елдердің де бар екені белгілі. Әлем сахнасындағы саяси тұрақтылығы осал елдерді көргенде, қуғын-сүргін, атыс-шабыс, өлім-жітімнің көбейіп жатқанын естігенде бойыңды үрей билейтіні жасырын емес.
Алайда осындай үрейді мемлекетіміздің келешегі үшін жасалып жатқан сенімді жағдайлар сейілтеді. Мен тұратын «Құмшағал» шағынауданында №56 орта мектебі орналасқан. Ұл-қыздарым осы мектептен білім алған. Әрқайсысы алған білімімен өз жолдарын тауып отыр. Бүгінде сол мектепте немерелерім білім алуда. Мектептің білім саласы болсын, тәрбие бағыты болсын көңілден шығады.
Осы орайда мектеп асханасын тілге тиек еткім келіп отыр. Өзі кішкентай ғана болғанымен, онда қызмет ететін кең пейілді аспаздар мен олардың қолынан шыққан дәмді тағамдары балаларымызды тойдырмай қоймайтыны сөзсіз.
Мектепті күнделікті азық-түлікпен жеке кәсіпкер А.Тоқсейтов қамтамасыз етеді. Жеке кәсіпкерліктің басшысы Ботагөз Төлегенқызы Тоқсейтоваға ата-аналар мен оқушылардың атынан алғысымды білдіремін. Себебі мердігер мектептің дамуына өз септіктерін тигізуде аянған емес. Мектепке асхана жабдықтарын жеткілікті түрде жеткізуде. Ерекше оқушыларды да назардан тыс қалдырмай, Жаңа жыл мерекесіне орай сыйлықтарын табыстады. Мектептегі өткізілген қайрымдылық іс-шараларынан да қалыс қалған емес. Қажеттілігіне қарай қаржылай демеушілік көрсетіп отырады. Бүгінгі күні осындай жаны жомарт жандардың ісі алға басып, кәсібінің нәсібін көре берсін дегім келеді.

Калиса ДЖУМАНОВА,
№56 орта мектебі ата-аналар комитетінің төрайымы.
Тараз қаласы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.