Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жақсылық жасауға асық!

0 196

Қаладағы «Дәмді себет» дүкендер желісінің Рысқұлов көшесінде орналасқан ең үлкен сауда нүктесінде мұқтаж жандарға арналған қайырымдылық сөресі ашылды.

Арайлы Жақсылық
Суретті түсірген Сәкен АБЖАПАРОВ

Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығының мұрындық болуымен басталған бұл игі іс дүкенге келушілердің назарын бірден аударды. Індетпен алысып жатқан бүгінгідей қиын кезеңде іскер жандардың тарапынан жасалған бұл қайырымдылық акциясы «Дәмді себеттің» өзге де сауда нүктелерінде жалғасын таппақ.
– Іскер әйелдер қауымдыстығы ұйымдастырып отырған бұл бастамаға әрбір жомарт жан өз үлесін қоса алады. «Көп түкірсе – көл» деген қазақ. Сөредегі азық-түліктерді мұқтаж жандар еш қысылмай тегін алуларына болады. Қауымдастық мүшелерінің тарапынан бұл сөре күн сайын толықтырылып отырады. Сондай-ақ шаһарымыздағы жомарт азаматтар да демеушілік жасаса болады, – деді Жамбыл облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Оразкүл Тойбекова.
Қайырымдылық сөресін ең бірінші болып белгілі меценат, облыстық іскер әйелдер қауымдастығы төрайымының орынбасары Меруерт Лештаева толтырды. Ол күнделікті қажетті макарон, ұн, нан, сүт, қарақұмық сынды азық-түлік түрлерін өз қаражатына сатып алып, бастамаға үн қосуға шақырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.