Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаңатаста көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

0 620
Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласындағы бос тұрған көппәтерлі үйлерді қалпына келтіру шаралары жалғасуда.
Бүгін қаладағы 4-шағын аудандағы №15А көпқабатты үй қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді. Пәтер кілттерін табыстау салтанатына аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев арнайы қатыстып, пәтер иелерін жаңа қоныстарымен құттықтады.
«Бұл пәтерлер негізінен, әлеуметтік жағынан аз қорғалған және жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған отбасылар игілігіне беріледі.
Бүгінгі таңда, тұрғын үйлерден пәтер алу кезегінде екі мыңға жуық азамат тізімде тұр. Жылдан-жылға қала тұрғындарының саны көбейіп келеді. Осыған сәйкес, тұрғын үй кезегіндегі тұрғандар саны да арта түсуде. Сондықтан тұрғын үй мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Осы мақсатта, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жыл сайын қаламызда көпқабатты тұрғын үйлер қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілуде. Міне, соның бір дәлелі ретінде кезекте тұрған біраз азаматтар бүгін жаңа қонысқа ие болып отыр» – деп, аудан басшысы аудандағы пәтер кезегі мәселесін шешу, әсіресе жағдайы төмен отбасыларын тұрғын үймен қамту үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылып жатқанын айтты.
Аудан әкімі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын сапалы атқарып, ел игілігіне ұсынып отырған «Жаңа Кемер Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне және жалпы ат салысқан барша азаматтарға алғысын білдірді. Жаңа қонысқа кірген көпбалалы аналар қуаныштарын жасыра алмай аналарға ерекше көңіл бөлген, облыс, аудан басшысына деген алғыстарын жеткізді.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.