«Наурызнама» онкүндігінің алтыншы күні Жаңару күні деп аталады. Бұл күн «өмірдің жаңаруын» бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасына арналады.
Соған орай Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жасыл желек жердің көркі» атты ағаш отырғызу акциясы өтті.
Айшықты шараға қала әкімдігінің бөлімдері мен мекемелерінің қызметкерлері, «Жасыл ел» еңбек жасақтары мен белсенді жастар қатысып, «Ұлы дала» (15) шағынауданы, Көшек батыр мен Қыз Жібек көшелерінің қиылысына 140 дана ағаш көшетін отырғызды.