Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жаңа жобалар жүзеге асуда

0 140

Т.Рысқұлов ауданында құрылыс сала және инвестициялық бағыттағы жұмыстар серпінді дамып келе жатыр. Аудан инфрақұрылымын дамыту, тұрғын үймен қамту және халық игілігі үшін маңызды нысандардың құрылысын жүргізу бағытында жүйелі жұмыстар жалғасып келеді.

Жалпы ауданда әр бюджеттік бағдарлама тетігінен 7,4 млрд (о.і. 2025 жылға 2,7 млрд) теңгеге (РБ- 0,6 млрд.теңге, ОБ-2,5 млрд.теңге, АБ-0,1 млрд. теңге) 13 жоба жоспарланып, жұмыстар атқарылуда. (ауыз су-5 жоба,  авто жол -3 жоба, білім-2 жоба, спорт -1 жоба, тұрғын үй-1 жоба,  ауыл шаруашылығы – 1 жоба,):

Білім саласы бойынша құны 2,1 млрд. теңгеге (2025 ж – 974,5 млн) 2 жоба (Малдыбай ауылындағы 120 орындық мектеп құрылысы – 1,7 млрд.теңге, Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу – 460 млн. теңге);

Спорт саласы бойынша құны 427,9 млн. теңгені  (2025 ж – 110,0 млн) (АЕБ) құрайтын 1 жоба (Құлан ауылы, Арай тұрғын алабында спорт кешенін салу);

Тұрғын үй саласы бойынша 274,5  млн. теңгеге 1 жоба (20 пәтер сатып алу);

Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге 3,1 млрд. (2025 ж – 622 млн) теңгеге 5 жоба іске асырылуда (Құлан ауылы «Арай» алабында су құбыры желілері мен су тарту құрылыстарын салу- 559 млн. теңге, Р.Сабденов ауылы су шығару имараты және су құбыры желілерінің құрылысы-982 млн. теңге, Сөгеті ауылында су қабылдағыш және су құбыры желілерінің құрылысы-552 млн. теңге, Шөңгер ауылында су қабылдағыш және су құбыры желілерінің құрылысы-518,1 млн. теңге, Мамай ауылында су қабылдағыш және су құбыры желілерінің құрылысы-494,6 млн. теңге);

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша құны 1 млрд. (2025 ж – 235 млн) теңгені құрайтын 1 жоба  (Абай ауылдық округіндегі Қарақат су каналын қайта жаңғырту);

Авто жол саласы бойынша (АЕБ)  құны 507,3 млн. теңгені құрайтын 3 жоба  (Сұңқайты ауылының кіре беріс  0-2,9 шқ жолын орташа жөндеу -124,5 млн. теңге, Көгершін ауылындағы Көгершін 2,9 шқ, Т. Бариев 2,0 шқ, Амангелді-Таурқұлов 0,4 шқ көшелерін орташа жөндеу- 179,4 млн. теңге, Құлан ауылындағы  Желтоқсан 1,0 шқ, Сырдария 0,6 шқ, М. Өтемісұлы 2,0 шқ, Алматы көшесі 1 шқ, Құлан ауылындағы Арай массивіндегі №7 көшесін 1,8 шқ орташа жөндеу-203,4 млн.теңге) іске асырылуда.

Жеке секторға тартылған инвестиция көлемі 6,0 млрд теңгені құрап, 19 жоба іске асырылып, оларда 105 адам жұмыспен қамтылса, 1,4 млрд. теңгеге 73 ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.