Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жаңа жоба жүзеге аспақ

0 105
Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Есіркепов ел арасында “Мырзатай” брендімен танымал “Әулие-Ата Феникс” құс фабрикасының бас директоры Фарида Амансарықызымен бірге аудандағы жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыруға арналған жер учаскелері зерделеді.
Аталған ірі инвестор аудан аумағында голланд технологиясымен ет бағытындағы жұмыртқалағыш құстарды өсіретін құс фабрикасын салуға ниетті.
Осыған орай, Қайыңды, Құлан және Қарақыстақ ауылдық округтеріндегі қолайлы жер учаскелері ұсынылды. Алдағы уақытта инвестициялық жобаны іске асыру бойынша бірлескен шараларды жүзеге асыру жөнінде тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Бұл жоба сәтті іске асқан жағдайда ауданның экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретіндігін атап өту қажет.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.