Жаңаөзенде 22 жастағы Әйгерім Ыланбаева із-түзсіз жоғалып кетті. Бойжеткен 7 қазан кешке белгісіз бағытта үйден шығып, оралмаған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Лада» басылымына сілтеме жасап.
Жоғалған қыздың туыстарының айтуынша, Әйгерім кешірім сұрап хат қалдырған. Қыздың отбасы полицияға арызданған. Полицейлер жоғалған қызды іздеуге кірісті.