Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаңа зауыттың құрылысы басталды

0 237

Жамбыл облысының Талас ауданында «Тalas Investment Company» ЖШС зауытының екінші кезеңінің салтанатты түрде капсула салу рәсімі өтіп, өндіріс орнының құрылысы басталды.

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары, Қанатбек Мәдібек, Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков, «Talas Investment Company» ЖШС-нің негізгі акционері Серикжан Сейітжанов, серіктестіктің басқарушы директоры Бахтияр Алдашов және тағы басқалар қатысты.
«Тalas Investment Company» ЖШС кәсіпорны – алтын өндіру өнеркәсібінде және басқа да бірқатар өндірістерде пайдаланылатын импорттық тауар саналатын химия өнеркәсібінің алғашқы зауыты.
Зауыт 2014 жылы іске қосылған. Қазіргі таңда кәсіпорын қалыпты режимде жұмыс істеуде. Алты ай-дың қорытындысы бойынша 5 688 тонна цианид натрий және 2 375 тонна сульфат аммоний өндірген.
Қазіргі уақыттағы зауыттың қуаттылығы жылына 15 000 тонна натрий цианидін өндіруга қауқарлы. Кәсіпорында 557 адам жұмыс жасауда.
Компания Ресей Федерациясына және Орта Азия республика-лары Моңғолия, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттеріне өндірілген өнімнің 30-40 пайызын экспорттауда.
Елімізде осы өнімге сұраныстың артуына байланысты кәсіпорын зауыттың екінші кезеңінің құрылысын бастауда. Ол іске қосылғанда, цианид натрийді 15 мыңнан 30 мың тоннаға жетеді деп жоспарлануда.
Жалпы инвестиция көлемі 25,8 миллиард теңгені құрауда. Кәсіп-орын өз жұмысын бастаса, 300 адам жұмыспен қамтылмақ. Зауыт 2025 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Аталған компанияның миссия-сы – отандық және шетелдік алтын өндіруші компаниялардың өнімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру. Сол арқылы серіктестік өнімді жақсартуға және өндірістің экологиялық қауіпсіздігіне ықпал ететін прогрессивті технологияларды енгізеді.

Аман Есен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.