Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаңа платформа іске қосылды

0 516

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында: «Синтетикалық есірткіні тұтынудың өсуі ұлт денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Кейінгі үш жылда айналымнан алынған «синтетика» көлемі 10 есе өсті. Синтетикалық препараттар жыл сайын арзанырақ және қолжетімді болып келеді. Олар әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы дерлік еркін сатылады, тіпті үйіңізге дейін жеткізіледі. Бұл аса қауіпті әлеуметтік аурудың ауқымын ескере отырып, синтетикалық есірткіні өндіру мен таратуға қарсы күрес жалпыұлттық сипат алуы керек. Сондықтан нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресудің кешенді жоспарын әзірлеу қажет», – деген еді.

Осыған орай синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымының алдын алу мақсатында Жамбыл облыстық прокуратурасы «NARKO SHEKTEU TARAZ» Телеграм-ботын таныстырды.
Аталған платформа нашақорлар санын азайту, халық арасында есірткі айналымы мен тұтынудың алдын алуды көздейді.
Телеграм-бот негізінен мына бағыттар бойынша қызмет атқарады:
– жарнамасы бар сайттарды (сілтемелерді) және есірткі сатып алу бойынша ұсыныстарды табу;
– есірткі жасырынған жерлер (закладка) бойынша ақпараттандыру;
– есірткіні дайындау орындары және қоймасы туралы ақпарат салу.
Бағдарламаның мүмкіндіктері есірткіні одан әрі бұғаттау үшін «Кибернадзор» жүйесіне насихаттайтын немесе жарнамалайтын заңсыз сілтемелер туралы алынған деректерді енгізу болып табылады.
Бағдарлама әзірленген жауап үлгілері арқылы олардың авторларының хабарламалары бойынша кері байланысты қамтамасыз етеді.

Құрбанәлі Шахабай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.