Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаңа орталық – халық игілігіне

0 458

Жуырда Шу қаласы, Д.Қонаев көшесі, №23 «А» мекенжайында орналасқан халыққа арналған цифрлық кеңсе секторы ашылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Шу ауданында жаңа форматтағы қосымша халыққа қызмет орталығының секторын ашу туралы шешім қабылданған еді. Осылайша жаңартылған орталық секторы азаматтарға ыңғайлы болу үшін заманауи құрал-жабдықтармен және жайлы жиһаздармен жабдықталған.
– Жаңа халыққа арналған цифрлық кеңсенің ашылуының арқасында азаматтардың жиналу қаупі барынша азайтылып, мемлекеттік қызметтерді алу уақыты айтарлықтай қысқарады. Сондай-ақ Шу қаласының тұрғындары байланыс және жайлылық аймақтарында қызметтерді жылдам алу мүмкіндігіне ие болады, – деді мемлекеттік корпорация филиалының Жамбыл облысы бойынша директорының орынбасары Жандос Болат.
Жаңғыртылған орталық секторында мемлекеттік қызметтерді жедел көрсету үшін аймақтарға бөлу қарастырылған. Мәселен, жылдамдық аймағында мемлекеттік қызметті 10 минут ішінде және кезексіз алса, «eOtinish» секторында мемлекеттік органға электронды өтініш беруге болады. Ал «Сүңгу аймағында» келушілер орнатылған дербес компьютерлер мен ұялы телефондар арқылы қызметтерді өз бетінше ала алады. Жаңа орталыққа күн сайын ауданның 300-ге жуық тұрғыны келеді деп күтілуде.
Сондай-ақ Шу ауданы, Төле би ауылындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы Т.Әубәкіров көшесі, №30 мекенжайы бойынша азаматтарды қабылдауды жалғастырып жатқанын айта кеткеніміз абзал.

Л.Жанабаева,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жамбыл облысы бойынша филиалының PR менеджері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.