Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаңа оқу жылында оқушылардың қауіпсіздігі үшін қандай жұмыс жүргізіледі?

0 201

Жаңа оқу жылының басталуына да санаулы уақыт қалды. Оқу жылы қарсаңында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр және балалардың құқығы қалай қорғалады. Ішкі істер министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің басшылары осы тақырыпты талқылады  деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Министрлердің кездесуіне онлайн режимде облыс әкімдерінің орынбасарлары, Білім басқармаларының және өңірлердегі Полиция департаменттерінің жетекшілері қатысты. Күн тәртібіндегі тақырып өзекті, Қазақстан Президентінің ерекше бақылауында және мүдделі мемлекеттік органдар, депутаттар, қоғам белсенділері мен үкіметтік емес ұйымдардың күш біріктіруін қажет етеді.

Жаңа оқу жылында оқушылардың қауіпсіздігі үшін қандай жұмыс жүргізіледі?

«Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы» дейді. Бүгінгі таңда біз 30 дамыған мемлекеттің қатарына кіреміз деп болжам жасап отырмыз, оған жер қойнауындағы байлықпен емес, адами байлықпен кіреміз. Ол бүгінгі өсіп келе жатқан жасөспірімдерге байланысты. Сондықтан осы мәселені біз өте мұқият қарауымыз қажет. Неге Ішкі істер органдарында осындай жиналыс жасап отырмыз? Өйткені ертеңгі қауіпсіздік, еліміздің ертеңгі тыныштығы, ертеңгі сапалы ұрпақ – бүгін қалыптасады», – деді ІІМ басшысы Марат Ахметжанов.

Кездесуге қатысушылар балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесін де қозғады. Мысалы, оқу жылы қарсаңында бүкіл ел бойынша «Назар аударыңыз – балалар!» жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Ол жалпы жолдағы қауіпсіздікті қадағалауға, балаларды тасымалдайтын мектеп автобустарын бақылауға мүмкіндік береді.

«Қыркүйек айынан бастап 5 мыңнан астам тергеуші біздің мектептерге келіп, профилактикалық мақсатта қажетті кездесулер өткізетін болады. Бұл мәселеге мектеп директорлары мен білім беру бөлімдерінің басшылары белсенді қатысады. Әрине, оқу жылының басында біз әдетте ішкі істер органдарына мектептер жанындағы кезекшілікті күшейтуді ұйымдастыру, жолда арнайы белгілер орнату бойынша жүгінеміз. Сондықтан осы жұмысты бірлесе отырып, тиісті деңгейде жүргіземіз деп ойлаймын», – деп атап өтті Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар екі ведомство басшысы елордалық жедел басқару орталығында болды. Мұнда Оқу-ағарту министріне мектептерде орнатылған камералар мен дабыл түймелерінің мүмкіндіктері көрсетілді. Қазір бейнебақылау Қазақстанның 7 386 мектебінде жүргізіліп жатыр. Стационарлық дабыл түймелері еліміздің 3514 мектебінде, мобильді түймелер 1212 мектепте орнатылған. Бұл жұмыс жалғасып жатыр. Кеңес қорытындысы бойынша әкімдіктерге өңірлердегі полицейлермен бірлесіп, балалар мен педагогтерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырмалар берілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.