Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жаңа емхана – ел игілігіне

0 363

Тараз қаласында алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсететін жаңа медициналық мекеме – «JANUІA medical center» өз жұмысын бастады.

Нысанның ашылу салтанатына Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков пен Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек арнайы қатысты.
Өз сөзінде облыстың бас дәрігері «Ұлы дала» шағынауданында орналасқан «JANUIA medical center» емханасының жаңа филиалының ашылуымен шын жүректен құттықтап, заманауи талаптарға сай бой көтерген жаңа емхана медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам екенін айтты.
Жаңа нысанның жалпы аумағы – 1 800 шаршы метр. Бір ауысымда 200 науқасты қабылдауға мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда емханаға 9 975 тұрғын тіркелген. Заманауи талаптарға сай жабдықталған орталық тұрғындарға қолжетімді, сапалы және кешенді медициналық көмек көрсетуге бағытталған.
Емхана қала тұрғындары үшін ғана емес, жалпы облыс бойынша бастапқы медициналық көмектің жаңа үлгісі саналады.

«JT»-ақпарат

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.