Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жаңа Қазақстанды тек жұдырықша жұмылып құра аламыз»

0 590

Федор Клименко,
«Днипро» украиндар этномәдени бірлестігінің төрағасы:

– Бұл сүйікті мереке достықты, отансүйгіштікті, өзара құрметті, ұйымшылдықты, ортақ сенімді, жасампаздықты бейнелейді. Ең бастысы, бәрімізді біріктіретін нәрсе – «Қазақстан халқы» ұғымы. Бұл біздің бірлігіміз бен теңдігімізді білдіреді. Құқықтық теңдік, әріптестік достық қатынастар, ой-ниетіміздің бірлігі және өзара түсіністік – біз бірлесе құратын жаңа Қазақстанның өркендеуінің, оң өзгерістерінің және бақытты болашағының кепілі.
Көктемнің шуақты күнінде Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Отандастарыма амандық, табыс, бақытты өмір тілеймін! Қазақстан шаңырағының астында әрқашан достық, бейбітшілік пен келісім нығая берсін!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.