Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаңа Қазақстан құрудағы жасампаз қадам

0 116

5 маусымда болатын республикалық референдум – Жаңа Қазақстан құру жолындағы іргелі қадамдардың бірі. Себебі Жаңа Қазақстан үшін жаңа заңдар керек. Сол мақсатта Ата Заңға өзгеріс енгізілгелі тұр. Олардың қатарында Президент туыстарының мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салу, Мәжіліс пен мәслихаттардың мәртебесін арттыру сынды елеулі өзгерістер бар. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз бәріміз бір ел болып Жаңа Қазақстанды құрамыз. Әрбір азаматтың құқығы қорғалатын мемлекет боламыз. Бәріне бірдей мүмкіндік береміз. Әркім қарым-қабілетіне сай қоғамнан өз орнын иеленеді. Халықтың ой-санасы жаңғырып, өмір салты өзгереді. Біз мемлекеттік жүйені жетілдіріп, қоғам мен биліктің диалогын орнатамыз. Осылайша екінші республиканы қалыптастырамыз. Конституциялық реформа мұның бәрін табысты жүзеге асыру үшін қажет», – деп атап көрсеткен болатын. Демек, екінші республиканы қалай құратынымызды халық өзі таңдауы қажет. Бұл саяси науқан барлық жағынан да еліміз үшін аса маңызды.

Анар Әуесбек,
Тараз өңірлік университетінің
1-курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.