Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жұрт көңілінен шыққан жәрмеңке

0 298

Қала тұрғындарына азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сатып алуына жағдай жасау, отандық тауар өндірушілердің өнімін қолдау және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың 9 наурызынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы және Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен барлығы 19 жәрмеңке өтті.

«GRAND BAZAAR» сауда кешені, «Жастар» аллеясы, Рысбек батыр – Рахимов көшелерінің қиылысындағы алаң, «Ұлы Дала» шағын ауданы, «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешені аумағында өткізілген шарада жалпы құны 600,1 миллион теңгені құрайтын 1028,7 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен бағамен саудаланды. Ал 19 қазаннан бастап жәрмеңке әр аптаның сенбі күндері Жамбыл даңғылы, №18 «Д» мекен-жайындағы «Әлеуметтік базардың» маңында жалғасты.

Бұдан бөлек, ел өңірлерінің қатысуымен ағымдағы жылдың 21-22 қыркүйегі күндері Астана қаласындағы «Қазанат» атшабарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылған болатын. Елордадағы сауда-саттық шарасында жамбылдық шаруалар жалпы құны 220,4 миллион теңге болатын 301,8 тонна өнімді нарық құнынан 10-20 пайызға төмен бағада сатылымға шығарды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.