Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жәрмеңкеге жұртшылық дән риза

0 156

Шаһардың орталық алаңында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі көпшілік көңілінен шықты. Мұнда облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласы және тұрақтандыру қорының өнімдері арзан бағамен ұсынылды.

Жәрмеңкеде жалпы құны 101,2 миллион теңгені құрайтын 169,1 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары сатылымға шыға-рылды. Оның ішінде 18 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 3 тонна шұжық, 7,3 тонна сүт, 7 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік, 4 тонна макарон, 0,5 тонна тұз, 4 тонна балық, 6 тонна ұн, 2,6 тонна бал және 123,2 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тұты-нушыларға тікелей сатуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде жәрмеңкедегі тауарлардың бағалары нарық бағаларынан 10-20 пайыз төмен болды. Осы орайда айта кетерлігі, бағаның тұрақтылығын 30 адамнан құралған еріктілер бақылады.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.