Қазір үйдегі есепті базардағы баға бұзатын заман. Қымбатшылық қос бүйірден қысқаннан кейін халық арзан дүние іздейтіні анық. Алайда көп жерде көптің көкейіндегісі бола бермейді. Сондықтан Тараз қаласы әкімдігі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізуді дәстүрге айналдырған.
Міне, осы игі бастаманың жалғасы ретінде 13 қыркүйек, сенбі күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткелі отыр. Жәрмеңке ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылуда.
Жәрмеңкеде Тараз қаласының тауар өндірушілерінің және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өнімдері ұсынылады. Ол Жамбыл даңғылы, №18 «Д» мекенжайында орналасқан Әлеуметтік базар алаңында өткізіледі.
Құрметті қала тұрғындары! Жәрмеңкеден шет қалмаңыздар! Көңіліңіздегі тауарды қолжетімді бағада сатып алыңыздар!
Саян ТІЛЕУЖАН