Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жүрек үні: Өлеңмен өрілген үміт»

0 318

Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында «Ел болып оқимыз» жобасы аясында белгілі ақын, әнші-сазгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Үміт Битенованың 60 жас мерейтойына орай «Жүрек үні: Өлеңмен өрілген үміт» тақырыбында әдеби шеберхана өтті.

Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеп, ой-санасына оралған өлең-жырды олжа етіп, ақ қағаз бетіне түсіріп, өмірдің таңғажайыптарын әрлеп жүрген дара болмысты шығармашылық иесі Үміт Битенова жайлы жергілікті зиялы қауым өкілдері, жазушыны білетін замандастары, жақындары Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Шәріп Даулетбаев, балалар жазушы, Қазақстан Журналисттер одағының мүшесі, «AQ JOL» газетінде жауапты хатшы Марат Құлибайұлы, Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Клара Жайдарбекқызы, Жамбыл облыстық мәслихат депутаттары, «Қазақстан Халық Партиясы» ҚБ Жамбыл облыстық филиалы төрайымы Жанат Бастаубаева, Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Айтбала Жолмаханова, облыстық «AR-AI» газетінің тілшілері Құралай Сейсенбекқызы, ақын Арайлы Жақсылық, және ақынның жолдасы «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, айтыскер-ақын Ербол Қамбатыров келіп, қызықты әңгімелер, жылы лебіздерімен бөліссе, сондай ақ Астана төрінде көші-қон жөніндегі қазақ тілінде шыққан тұңғыш заңының авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Әкім Ысқақ аудио құттықтау лебізін жолдады.Кеште ақынның «Үшаралым», «Мама» әндері орындалып, «Бүгін мейрам», «Күз», «Таразым», «Кітапханашы», «Жан құрбым» өлеңдерін оқылды. Арнайы Меркі ауданынан №44 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мүғалімі Мадияр Бекбергенұлы, Марал Хантөреқызы және Азиза Әскербек, Зере Емберген, Айлун Темаева есімді 6-сынып оқушылары Үміт Битеноваға арнауларын оқыды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.