Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жүрегім тоқтап қалғандай болды»: Төреғали Төреәлінің әкесі ауруханаға түсті (ВИДЕО)

0 462

Хит әнші Төреғали Төреәлінің әкесі Төреәлі Әлиханов ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасайды.

Әншінің айтуынша, әкесінің жүрегіне операция жасалған.

Қазір әншінің әкесі дәрігерлердің бақылауына алынған. Дәрігерлер Төреәлі Әлихановтың жанына ешкімді жолатпай қойған.

«Әкемнің ауырып қалғанын естігенде, жүрегім тоқтап қалғандай болды. Біз қазір әкемізге келе жатырмыз. Әкеміз ауруханада жатыр. Аяқ астынан жүрегіне операция жасалды. Ол кісіге еш нәрсе жеуге болмайды екен. Әкем бізді емес, ұлым Төренұрдың дауысын есту үшін үйге телефон шалады. Бізді кіргізе ме, кіргізбей ме, білмеймін. Жүрегіне ем болсын деп Төренұрды көлікке отырғызып алдық», — дейді Төреғали Төреәлі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.