Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жүрегім езіле береді»: Жұлдыз Өмірғали марқұм әкесіне тың туынды арнады

0 711

Әнші, актриса Жұлдыз Өмірғали марқұм әкесіне деген сағынышын тың туындымен жеткізді. Соңғы кездері «резин-арт» өнеріне қызығып жүрген Жұлдыз әкесіне арнап ерекше сағат жасап, көпшілікті өнерімен таңғалдырды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл композициямды “Сағыныш” деп атадым. Неге деп ойлап жатқан шығарсыз?

Соңғы кезде әкемді жиі ойлай бастадым. Инстаграмнан, өмірде әкеге байланысты бір нәрсе көрсем, жүрегім езіле береді. Көзімнен жас тоқтамайды. Содан ойланып, психологпен сессия өтем деп шештім. Отзывтармен біреуін таңдап, 1 сағат бойы жылап шықтым. Түсінгенім, әкеме деген жара әлі жазылмаған екен. Мүмкін бала болып, бойымдағы өксікті шығара алмадым ба екен, кім білсін?

Осы сәт қатты қиналдым. Резин-артқа барғым келді. Көңілімдегі сұр түстерді таңдап, құя бастадым. Әр бояумен бойымнан бір тоқ ұрғандай сезім болды. Көзімнен де жас тоқтар емес. 1 сағат ішінде бойымдағы неше жылғы сағынышым шыққандай болды. Жеңілдеп қалдым.
Өмір болған соң, қоштасу да болады. Бұл – заң. Сағыныш сол қоштасудың серігі екен. Түсінгенім, бойыңыздағы сезімдерді ұстамаңыздар. Айтыңыздар, шығарыңыздар. Эмоция – бұл өмір. Өмір сүруден жалықпаңыздар!» – деп жазба қалдырды Жұлдыз әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары Жұлдыздың бұл өнеріне таңғалды. 

«Жұлдыз, қандай өнерлісің. Сені өте жақсы көремін. Ақылдысың, таланттысың. Сен түскен фильмдеріңді де үзбей көремін. Бақытты бол. Алла саған ұзақ өмір берсін», «Өте әдемі», «Күшті», «Үйретші», «Керемет», «Сіз мықтысыз, бақытты болыңыз», – деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, әкесі Жұлдыздың бала күнінде қайтыс болған. Ал анасы екінші рет отбасын құрып кеткен. Жұлдыз бен оның інісі ата-әжесінің қолында тәрбиеленген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.