Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жүрегі соқпаған: Мәйітханада жеті сағат жатқан ер адам тіріліп кетті

0 467

Үндістанның Морадабад қаласында 40 жастағы ер адамды мотоцикл қағып кетеді. Дәрігерлер оның көз жұмғанын айтып, денесін мәйітханаға жіберген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адамды сойып тексеруге туыстары келісім берген. Шрикеш Кумардың мұздатқышта жатқанына жеті сағат өткен кезде «марқұмның» қалыңдығы оның тыныс алып жатқанын байқап қалған.

Жедел жәрдем қызметкерінің айтуынша, түнгі сағат үш шамасында ер адамды бірнеше рет тексерген, алайда жүрегі соқпаған.

«Осыдан кейін ол өлгендер қатарына жатқызылған, бірақ таңертең полиция мен отбасы оның тірі екенін анықтады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Енді біздің басты міндетіміз – оның өмірін сақтап қалу»,  –  деді қаланың бас дәрігері Шив Сингх.

Қазір Кумар Мирут қаласындағы медицина орталығында емделіп жатыр, оның жағдайы жақсарды. Қалыңдығының айтуынша, науқас әлі есін жиған жоқ. Ол Кумардың отбасы салғырттық танытқан дәрігерлердің үстінен шағым түсіруге шешім қабылдағанын хабарлады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.