Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жәния Джуринская күйеуімен ажырасты дегендерге жауап берді

0 431

 

Актриса Жәния Джуринская күйеуімен ажырасқаны туралы қауесеттерге жауап берді.

Жәния жолдасы Данияр екеуі кеше кездескендей бір-біріне ғашық екенін айтты деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәнияның Instagram желісіндегі оқырмандарының бірі одан “күйеуімен ажырасқаның рас па?” деп сұрады.

«Айтпақшы, бұл сұрақты көп адам қойды. Бұл тақырыпты өздерінің хайптары үшін жазғандар көп. Негізі бізде бәрі жақсы. Бір-бірімізге кеше танысқандай ғашықпыз», – деп сендірді актриса.

23 ақпанның құрметіне Джуринская күйеуімен ынтық қарым-қатынасын көрсететін видео жариялады.

«Әр күнің осындай болсын. Мереке құтты болсын, жігітім!» – деп жазды блогер.Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары романтикалық бейнені тым ашық деп сынады.

«Бақыт тыныштықты жақсы көреді, бірақ инстаграм талабы бұған көнбейді», , «Шын жүректен айтқым келеді, жартылай жалаңаш фотоларды, осындай видеоларды салмаңызшы – мұның бәрі шайтанның ісі, сеніңіз”, “қарапайымдылық қашанда адамға жарасады», – дейді олар.

Бірақ жанкүйерлер жұптың өте бақытты әрі әдемі көрінетінін айтып, Жанияны қолдады.

«Сіздерге отбасылық бақыт! Денсаулық, сәттілік тілейміз! Керемет жұпсыздар!», «Бұл өте керемет, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, сексуалды және сиқырлы», – деп жанкүйерлері таңданды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.