Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жәнібектің келесі қарсыласы кім?

0 2  509

Орта салмақтағы WBO тұжырымының чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) келесі жылғы жоспарымен бөлісті.

Еске салайық, осыған дейін WBO ұйымының президенті Пако Валькарсель Әлімханұлы – Дензел Бентли және Мунгия – Кория арасындағы айқас жеңімпаздары бір-бірімен жұдырықтасатынын мәлімдеген еді.
«WBO ұйымының чемпиондық комитеті Хайме Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы жекпе-жек бойынша тараптарға келіссөз бастауға жарлық етеді. Екі жаққа келісімге келу үшін 15 күн уақыт бері-леді», – делінген ұйымның боксшыларға жолдаған хатында.
Ал «Top Rank» промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум Әлімханұлына екінші орта салмақта мексикалық Сауль «Канело» Альвареске ең қауіпті қарсылас бола алатын боксшыны атады. «Ол орта салмақта, бірақ екінші орта дивизионға да көтеріле алады. Ол Канелоның осы категориядағы ең мықты қарсыласы болады дегенге сенемін. Ол қарашада жұдырықтасатын боксшы, ол жігіт – қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы. Ол нағыз суперта-лант», – деді Арум.
Қазақ боксшысы өзінің «Twitter» желісінде: «Егер Мунгия келіссе, мен оны нокаутқа түсіремін, Иншаллах. Кейін 2023 жылы мен Канеломен айқасамын. Міне, менің жоспарым. Не болатынын көрейік», – деп жазды.
Мунгияны көпшілік әйгілі мексикалық Сауль «Канело» Альварестің ізбасары атап кеткен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.