Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жұмысынан айырылған қазақстандықтар МӘМС аясында 6 ай бойы медициналық көмек ала алады

0 54

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Соның ішінде маңызды жаңалықтардың бірі — табысы уақытша болмаған азаматтардың сақтандыру мәртебесіне қатысты.
Егер азамат МӘМС жүйесіне кемінде 5 жыл қатарынан жарна төлеген болса, онда төлемдер уақытша тоқтаған жағдайда да 6 ай бойы сақтандырылған мәртебесін сақтай алады.
Бұл норма көбіне:
• жұмыстан босатылған,
• уақытша табыссыз қалған,
• жаңа жұмыс іздеп жүрген жалдама қызметкерлерге қатысты.
Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова пікір білдірді.
«Азаматтар жұмыстан айырылған немесе қаржылық қиындыққа тап болған жағдайда медициналық көмексіз қалмайды. МӘМС аясындағы медициналық қызметтерді үздіксіз ала береді. Табыс қайта пайда болғаннан кейін азамат өткізіп алған айлар үшін берешегін өтеуі тиіс. Ол бұл айларды дербес төлеуші ретінде төлеуге болады. Бір ай үшін төлем мөлшері — 4 250 теңгені құрайды», -деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін төлемдер тоқтағаннан кейін «сақтандырылған» мәртебесі 3 ай бойы сақталып келген. Енді азаматтар 6 ай бойы сақтандырылған мәртебесін сақтай алады. Бұл норма 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне еніп отыр.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.