Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жұмысты ілгерілету үшін цифрландыруға көбірек көңіл бөлген дұрыс

0 524

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында ең әуелі әлеуметтік, экологиялық және экономикалық ахуалды реттеуге басымдық беріліп отыр. Жолдауды Тараз қаласы №9 аумағының ардагерлерімен бірге тыңдап, талқыладық.

Экономикалық жағдай елдегі ахуалға байланысты біраз құбылғаны белгілі. Нәтижесінде бәсекеге қабілетті бизнес өкілдері цифрландыруға басымдық беруде. Мемлекет басшысы осы тұста цифрландыру, автоматтандыруға байланысты жұмысты ілгерілететін жаңа мамандықтардың пайда болып жатқанын атап өтті.

Қазір экологиялық ахуал тек бізді ғана емес бүкіл әлемді толғандырыуда. Президент «БҰҰ мәліметінше 2030 жылы су тапшылығы 40 пайызға жетуі мүмкін. Бұл салада жаңа технологиялар мен цифрландыруды тиімді пайдалану арқылы суды үнемдеуіміз керек» деді жолдауда. Жағдайды жедел реттеу мақсатында ел бойынша 120 канал жаңартылатынын соның ішінде Жамбыл облысына да канал салынатынын айтты. Сонымен қатар ауыз су мәселесіне жіті назар аударып, бес жылда халықты 100 пайыз сумен қамтамасыз ету көзделіпті. Демек бірқатар ауылдарда талай жылдан бері шешілмей келе жатқан ауызсу мәселесі мықтап қолға алынбақ. Президент жолдауда өзгерісті аса қажет ететін салалардағы мәселеге кеңірек тоқталды. Әрине елдегі жұқпалы індеттің салдарынан қиындыққа тап келгеніміз рас. Десек те Қасым-Жомарт Кемелұлы жолдауда өзгерісті қажет ететін мәселелерді орынды атап өтті. Ендігі уақытта сол межелі міндеттерді бірге бағындыруға біз де қажетінше қолдау көрсетуіміз керек деп есептеймін.

Қаламқас Мұхамбетәлі,

Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.