Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жұмысшы мамандар арасындағы аламан

0 842

Қала күні – әрбір тұрғынның жүрегіне жақын, туған өлкенің өткені мен бүгіні тоғысатын ерекше мереке. Бұл күн – көне шаһардың тарихын дәріптеп, оның жетістіктері мен болашағына көз жүгіртетін маңызды сәт. Биыл да мереке жоғары деңгейде ұйымдастырылған түрлі мәдени-танымдық іс-шаралармен ерекшеленуде.

Соның бірі – Тараздың туған күні және Жұмысшы мамандықтарының жылына орай Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында өткен «Еңбек жолы» қалалық спартакиадасы. Аталған жарысқа 150-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Қатысушылар жүзу, секірмекпен секіру, арқан тарту, қол күрес, гір тасын көтеру және дартс спорт түрлері бойынша сынға түсті.
Жалпыкомандалық есеп қорытындысы бойынша І орынды – «Жамбыл электр желілері», ІІ орынды – «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты», ал ІІІ орынды «Qazaq Gaz Aimaq» командалары иеленді.
Дүбірлі доданың марапаттау рәсіміне Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова арнайы қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, медальдар мен естелік сыйлықтарды табыстады.

Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.