Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жұмыспен қамту – басты мақсат

0 122

Әлеуметтің әлеуетін көтеру, бұқараны жұмыспен қамтумақсатында елімізде көптеген бағдарлама қабылданып жатыр. Ал солбағдарламаларда көрсетілген міндеттерді орындап, жоспарларды жүзеге асыру – жергіліктібиліктің міндеті екені даусыз.

Бұл ретте облыс орталығында жұмыспен қамтуға өтініш берген азаматтардың саны 13 426 адамды құрап отыр. Оның ішінде 5 887 адам екі қолға бір күрек тауып үлгерген. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өтініш берген азаматтырдың саны 3 745 адамға өсіп отыр. Мемлекеттік қайтарымсыз грантқа 2023 жылға жоспар бойынша 183 адамға бөлініп, бүгінгі таңда 91 адам грант иегері атанды. Өткен жылдың осы мерзімінде 100 адам грант иегері атанды.

«Жастар практикасына» 540 адамды қамтуға бөлініп, ағымдағы жылдың шілде айында 215 түлек жалақыны толығымен субсидиялау шартымен (103 500 теңге) жастар тәжірибесіне жолданған, өткен жылдың осы мерзімінде- 195 адам жолданған. Ал ақылы қоғамдық жұмысқа 1 085 жұмыссыз азаматтарды жолдау жоспарланып, ағымдағы жылдың шілде айында 892 азамат жолданды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 25 жұмыссызды жолдау жоспарланған. Бүгінгі күнге 26 жұмыс берушіге 40 жұмыссыз азамат жолданды, өткен жылдың осы мерзімінде салыстырғанда 13 адамға артып отыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.