Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жүйелі жұмыстың жемісі

0 310

Тараз қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген. Осы орайда Тараз қаласы әкімдігінде құрылған «Бастау» жұмыс тобы арнайы бөлімде жасақталып, жұмыс тобы мүшелері күнделікті некесін бұзуға ниет білдірген отбасыларына ресурстық көмектер көрсетуде.

Жыл басынан «Бастау» жұмыс тобына сот органынан 472 ұйғарым келіп түскен. Оның ішінде сот шешімімен 202 отбасының некелері бұзылып, 107 отбасы өз арыздарын қайтарып, татуласуға бел буған. Ал 163 отбасы бойынша сот шешімі шыққан жоқ.
«Бастау» жұмыс тобының психологы АХАТ бөлімшесінде және қалалық сот органында кестеге сәйкес неке бұзуға ниет білдірген ерлі-зайыптыларға психологиялық кеңестер береді.
Қала көлемінде жастарды, қыз-келіншектерді, жалпы әйел азаматтарын отбасылық құндылықтар мен аналық міндеттерге үйрету, үй шаруашылығына баулу, шығармашылықты дамыту, эстетикалық тәрбие мен тәжірибе алмасу, ұлттық болмысты және батыс өркениеті мен мәдениетіндегі жетістікті бойларына сіңдіру мақсатында тақырыптық 58 іс-шара өткізілді.
Биыл отбасын жоспарлау жастар арасында ерте жүктілікті алдын алу және түсік түсірудің санын азайту мақсатында жоғары және арнайы орта оқу орындары студенттер арасында 36 іс-шара ұйымдастырылды (6 семинар, 11 «дөңгелек үстел» отырысы, 1 қыздар жиналысы, 18 тренинг).
15 мамыр – Халықаралық отбасы күнін тұрғындар арасында өткізу мақсатында іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Жоспарға сәйкес жалпы 11 іс-шара өтті. Басты мерекелік шара Қ.Рысқұлбеков саябағында ұйымдастырылды. «Отбасы – бақыт мекені» атты сурет салу, «Әкем, анам және мен – спорттық отбасы» атты байқауы және жас отбасыларға арналған «QazIQ» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Өткізілген байқау жеңімпаздарына дипломдар мен сыйлықтар ұсынылды. Сонымен қатар балаларға 5 қорап тегін балмұздақ таратылды. Осы күні республикалық «Ағаш отырғызу» акциясы аясында Абай даңғылының бойында жас отбасылар 75 ағаш көшеттерін (ясин) отырғызды. Іс-шараларға ардагерлер, зиялы қауым, этномәдени орталықтардың өкілдері, жастар және қала тұрғындары қатысты.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қалада 6 іс-шара ұйымдастырылды. Т.Рысқұлов саябағында «Бала деген – бір бақыт» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Шарада «Әрқашан күн сөнбесін» атты сурет салу байқауы, «Бала күлкісі – әлемнің көркі» атты фотосурет көрмесі, «Біз бақытты баламыз» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, балаларға тегін балмұздақ (1000 дана) таратылды. Сондай-ақ Қ.Рысқұлбеков саябағында жасөспірімдер арасында кіші футболдан және баскетболдан қалалық ашық турнир өтті.
«Қаратау» ықшамауданы №29, 30 үйлердің ауласында «Ұлан-Арена» кіші футбол алаңшасының ашылу рәсімі ұйымдастырылды.Сонымен қатар Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында «Бақытты балалық» атты концерттік бағдарлама, «Қант зауыты» алқабы «Даңқ» аллеясында «Біздің болашағымыз» және «Қайнар» алқабында «Бала болашағымыз» атты мерекелік концерттік іс-шаралар өткізілді.

Гүлназ Сматилдаева,
Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.