Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жүгінгенге демеу, сүрінгенге сүйеу алаңы

0 183

«Grand Bazaar» сауда үйінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша «Кеңес беру алаңы» ұйымдастырылып, облыс орталығының тұрғындарына, оның ішінде жастарға баса назар аударылып, қажетті кеңес берілді.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Қала аумағында апта сайын тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру жиі өтеді.

– Тұрғындардың мамандарға қоятын сұрақтары әртүрлі тақырыпты қамтиды. Мәселен, жұмысқа орналасу, сақтандыру, мемлекеттік гранттарды алу, медициналық көмек, бизнесті бастау және дамыту туралы кеңес алғысы келеді. Сондықтан мұнда мемлекеттік органдардан, Жастар ресурстық орталығынан, денсаулық сақтау бөлімінен, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінен, Халыққа қызмет көрсету орталығынан, жұмыспен қамту орталығынан түрлі мамандар жиналған. Мұндай жиын адам көп жүретін жерлерде, мысалы, қаладағы сауда орталықтарында өтеді, – деді Жастар орталығының инспекторы Еркін Жылқышев.

Осы орайда қала тұрғындарының базынасына назар аудара бастадық. Көбіне нәзікжандылар жеке отбасындағы кикілжің, түсініспеушілік пен күйеуінің жұмыссыздығы жөнінде мәселе көтеріп қайырылады екен. Ал ажырасқан күйеуінің алимент төлемей, түскен кірісі мен тіпті жұмысын жасырып жүруі – ең көп қаралатын проблема.

– Әсіресе, базарда сауда жасайтын әйелдер үшін ең басты мәселе – алимент алмау. Бұрынғы күйеулері табысын барынша жасырып, тіпті еңбек қатынасын рәсімдемей жұмыс істейді. Ел ішінде ажырасу өте көп. Соның салдарынан проблема да азаймайды. Біздің мақсатымыз жүгінгендердің барлығына консультациялық көмек көрсету ғана болғандықтан, тек кеңес береміз. Ал көп мәселе қоғамның дертіне айналған ажырасудың салдарынан болып тұр, – деді Жастар ресурстық орталығының еріктілер штабының жетекшісі Нұрлан Жиенбай.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.