Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жұбайымен қайта қосылған Бейбіт Қорған фанаттарын қуантты

0 191

Жеке өміріндегі жағымсыз жайтты жұртқа жария еткен Бейбіт Қорған бұл жолы фанаттарын қуантты. Әнші отбасылық суретін жариялап, жұбайымен қайта қосылғанын аңғартты, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейбіт Қорған «Менің өмірім» бағдарламасына берген сұхбатында әйелімен түсінісе алмай жүргенін ашық айтқан еді. Әнші «әйелім төркініне кетіп қалды, келмесе, екінші әйел аламын» деп кесіп айтқан-ды.

Көп ұзамай, Бейбіт отбасымен түскен суретін көрсетті. 

«Ассалаумуағалейкум достар! Қалайсыздар? Бізде Астанада көптен күткен қар жауып жатыр. Сіздерде қалай?» – деп жазба қалдырды әнші.
Ал Instagram оқырмандары әншінің жұбайымен қосылғанын көріп, қуанып қалды.

«Келін екеуің бірге болсаңдар, қардан қорқыныш жоқ, көңілдерің суымасын», «Ура, молодцы, енді ренжітпеңіздер бір-біріңізді бағалаңыздар. Бақытты болыңыздар! Әдемі жарасымды жұп. Алла тіл көзден сақтасын», «Отбасы бақытын тілеймін», – деп жазды оқырмандар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.