Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өзгелерді құтқару үшін өз өмірлерін қатерге тікті: Тұрғындар Байзақ ауданында ескерткіш орнату керектігін айтады

0 335

Жамбыл облысының тұрғындары Байзақ ауданында болған қайғылы оқиға кезінде қаза тапқандарға ескерткіш орнату керек деп есептейді. Бұл ұсыныс Facebook желісінде жарияланған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қалада өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға арналған ескерткіш қажет. Байзақта болған оқиға өзгелерді құтқару үшін өз өмірлерін қатерге тіккен олардың жұмыс деңгейін көрсетті», – деп жазды Тараз тұрғыны.

Жазба астында пікір жазып, қолдағандар да табылды.

«Қолдаймын… Нағыз батырлар», – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында жарылыстың қайталанғанын хабарлаған едік.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.