Қалалық қоғамдық-саяси газет

Зерттеу: Қазақстандағы әрбір алтыншы бала кедейшілікте өмір сүреді

0 423

Қазақстандағы әрбір алтыншы бала кедей отбасында тұрады. Кедейлер санатына жататын отбасылардың тоқсан пайызы көп балалы отбасылар. Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының ғалымдары елде балалар кедейлігі бар деген қорытындыға келді,  деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір таңда Қазақстанда бір балаға жәрдемақы 11 жарым мыңнан сәл асады. Ал азық-түлік бағасы күн сайын өсіп жатыр, ата-анасы да бірдей жұмыс істей бермейді. Сарапшылардың «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен жүргізген зерттеуі көрсеткендей, бүгінде еліміздегі әрбір алтыншы бала кедейшілікте өмір сүруде. Аз қамтылғандардың негізгі бөлігі – төрт баладан және одан көп отбасылар.

Бұл тұрғыда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мезгіл-мезгіл орын алатын көп балалы аналардың митингілері негізсіз болып көрінеді. Бүгінгі таңда елімізде 454 мың көпбалалы отбасы бар. Талдау нәтижесі бойынша, олардың жартысынан көбі ауылдық жерде тұрады, онда басты проблема – тұрақты табыс табу. Қалада тұратындар үшін  тұрғын үй мәселесі өзекті.

“Өкінішке қарай, Қазақстанда көп балалы отбасылардың шамамен 13%-ында бір ғана ата-ана бар. Яғни, көп балалы отбасылардың жалпы санының 13%-ы толық емес. Тек бір ата-анамен өмір сүреді. Не әке, не ана. Негізінен, әрине, бұл аналар”, – деді AERC ғылыми жетекшісі Жақсыбек Күлекеев.

Талдау көрсеткендей, көп балалы отбасы орташа деңгейден алты жарым килограмм аз ет тұтынады. Ал көкөніс – 22 пайыз.

“Көп балалы отбасылар бойынша жәрдемақы енгізілгенге дейін алушылардың саны 260 мыңнан аспады. Көп балалы отбасыларды қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша, өздеріңіз білетіндей, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап көп балалы отбасыларға сараланған мөлшерде – яғни 4 баладан бастап және одан жоғары мөлшерде жәрдемақы енгізілді”, – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Ниязов.

Ал зерттеушілер бірінші кезекте көп балалы отбасылардың мұқтаждығын анықтау жүйесін жетілдіру қажет деп санайды. Олар көп балалы отбасыларды бөлуді ұсынады: «жасылға» – толық отбасылар кіреді, «сары» – бұл мұқтаждық шекарасына жақын және «қызыл» – кедейлік шегінен төмен өмір сүретіндер. Тиісінше осы қағидатты негізге ала отырып, қолдау көрсету керек. Парламентте аталған зерттеулерді қарастыруға уәде берді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.