Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володин 4 наурызда Украина президенті Владимир Зеленскийдің Украинадан кеткенін хабарлады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Adyrna.kz сайтына сілтеме жасап.
«Жоғарғы Раданың депутаттары Львовта оған жете алмағандарын айтты. Қазір ол Польшада», – деп жазды саясаткер Telegram-каналында.
Бұған дейін Германия үкіметі Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін хабарлаған.
«Оған қауіп төніп тұрған жоқ деп айту аңғалдық болар еді. Бірақ ол батыл адам. Біздің мәлімет бойынша, ол Киевте», – деді Германия министрлер кабинетінің өкілі Штеффен Хебештрейт.
Ал АҚШ президенті Джо Байден Зеленский Украинада қалу-қалмауын өзі шешуі керек деді.