Қалалық қоғамдық-саяси газет

Зейнетақы қорындағы артық ақшаны шешіп алуға қатысты ақпаратта қате кеткен

0 1  061

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылғы 7 желтоқсанда таратылған баспасөз хабарламасында зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін белгілеу мәселесінде қателескен. Қате ақпарат таратқаны үшін Еңбек министрлігінің қызметкері жазаланды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Экпресс К сайтына сілтеме жасап.

«Еңбекминінің ресми ұстанымы өзгеріссіз. Министрлік — зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін әзірлеуші. 2021 жылғы 8 желтоқсандағы жағдай бойынша әдістемеге өзгерістер енгізілген жоқ және жоспарланбаған. Өйткені оның қазіргі нұсқасы қазақстандықтарға болашақ зейнетақы төлемдерін қолайлы деңгейде қамтамасыз етудің қажетті өлшемдеріне толық сәйкес келеді», — дейді министрліктегілер.

Әдістемеге сәйкес, жеткіліктілік шегін есептеудің негізгі параметрлерінің бірі күнтізбелік жылдың басындағы ең төменгі жалақы саналады. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ол өзгереді, сондықтан қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеткіліктілік шегі автоматты түрде қайта есептеледі.

Демек министрлік тек таратқан ақпараттың мазмұнында қателескен. Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты шешіп алудың шектік мөлшері сол қалпында қалады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.