Қалалық қоғамдық-саяси газет

Зейнеп Ахметова мүшел жастағы қауіп-қатерлерді айтты

0 202

Жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы Зейнеп Ахметова адам үшін ең қауіпті кезеңдерді атады. Сонымен қатар мүшел жас уақытында адамдардың қандай амалдар жасауы тиіс екенін атап өтті,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова мүшел жастың адамзат баласы үшін қатерлі екенін айтады. Сондықтан мүшелге толған адам жақсы амалдар істеп, қайырымдылық жасауы керек.

“Қазақта мүшел жас деген бар. Мүшел жас 13 жастан басталады. Бұрындары мүшелге толғанда құдайы тамақ берген. Мүшел жастың ауырлығынан қорыққан. Басқа уақытқа қарағанда мүшел жаста өлім-жітім, қауіп-қатер көп. Оны қазақ бұрыннан білген. Сондықтан жақсы амалдар жасауға тырысқан”, – деді ол.

Адам баласы мүшел жасында керексіз киімдерін емес, өзіне ұнайтын киімдерін таратуы керек. Үнемі жақсылық жасауды әдетке айналдыру керек.

“Қазір де құдайы тамақ таратады. Бірақ Құран оқытып, тамақ берсе болды деп ойлайды. Олай емес. Сен жыл бойы жақсы амал жаса. Біреуге көмектес. Алғысын ал. Жаман киімдеріңді емес, өзің сүйген киімдерді елге тарат. Керексіз дүниелерді емес, құнды заттарыңды бер. Жыл бойы қайырымдылық көрсет”, – деді Зейнеп Ахметова.

“13-те отау иесі” деген сөз осы мүшелге байланысты айтылса керек.

“13 жас алғашқы мүшел. Бұл баланы үйлендіріп, әйел алып беруден кейін шыққан сөз емес. Адам балалықтан өтіп, жасөспірім шаққа келгенде, оң-солын танығанда айтылған сөз. Балаға ұрыспай не тым еркелетпей онымен сырлас дос болу керек. Бала айқаймен не еркелікпен ешнәрсе үйренбейді. Ақылмен айта білу керек”, – деді Ахметова.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.