Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Үздік сынып» анықталды

0 510

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат бақармасының тапсырысы аясында «Үздік сынып» байқауы өткізілді. Іс – шараны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және Облыс әкімдігінің білім басқармасының бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында ең ұйымшыл, шығармашыл сынып ұжымдарын анықтау және ынталандыру.
Байқаудың аудандық (қалалық) кезеңдеріне 118 сынып қатысып, оның 12-і облыстық кезеңге өтті.
Облыстың ІІ кезеңге қатысқан білім беру ұйымдарының сыныптары тәрбие сағаттарының үзінділері мен сыныптың тәрбие бағыты бойынша өткізілген сыныптан тыс іс-шаралар топтамалары, білім беру ұйымдарындағы сынып оқушыларының пәндер бойынша үлгерім көрсеткіштері, оқу-жетістіктері материалдары сарапқа салынды.
Байқаудың қорытындысы бойынша анықталған жеңімпаз сыныптар арнайы дипломадармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Нәтижесінде: 1. Меркі ауданы, Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта мектептің 11″А» сыныбы, сынып жетекшісі Ж.Зеткулова – І орын.
2.Жуалы ауданы, №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 6 «А» сыныбы, сынып жетекшісі Г.Төлепберген, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің 4 «А» сыныбы, сынып жетекшісі Б.Мустафа -ІІ орынды.
3. Сарысу ауданы, Арыстанды орта мектебінің 8 «А» сыныбы, сынып жетекшісі Л.Сулейменова, Т.Рысқұлов №2 шағын орталықты орта мектептің 8 «А» сыныбы, сынып жетекшісі Н.Рахимова, Жамбыл атындағы орта мектебінің 9 «Б» сыныбы, сынып жетекшісі К.Умирбекова – ІІІ орындарды иеленді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.