Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өзбекстан президенті Қазақстанға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

0 737

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 6 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, Қазақстан көмектесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әңгіме басында Мирзиёев Тоқаевқа Қостанай облысындағы орман өртіне байланысты қолдау білдіріп, төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында кез келген көмек көрсетуге әзір екенін айтқан.

Президенттер Өзбекстан-Қазақстан қатынасын әрі қарай нығайту мәселелерін, стратегиялық серіктестік пен одақтастық, екі жақты әріптестіктің басым бағыттарында практикалық қарым-қатынасты кеңейту мәселелелерін талқылады.

Әңгіме кезінде сауда, өнеркәсіп, энергетика және транспорт пен логистика, ауыл шаруашылығы сынды экономика салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылды.

Сонымен қатар ортақ аймақтық мәселелемен алмасты. Алдағы Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммитіндегі күн тәртібін талқылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.