Өзбекстан 15 қаңтардан бастап екі ел азаматтарын Қазақстанмен мемлекеттік шекарадан өткізуді тоқтатты. Көрші ел мұндай шараларды жаңа «омикрон» штамының таралуына жол бермеу мақсатында қабылдады, деп жазды Өзбекстан СІМ баспасөз қызметі.
15 қаңтардан бастап Өзбекстан аумағына кірушілер (көлік қатынасын қоспағанда) ПТР-сынамасының теріс нәтижесін шекарадан өткенге дейін 48 сағаттан асырмай ұсынуы, сондай-ақ Өзбекстан аумағына кірген кезде коронавирус инфекциясына экспресс-антиген тест тапсыруы тиіс екені айтылды.
Сондай-ақ, шекарадан өте алады:
- Отанына оралған Өзбекстан мен Қазақстан азаматтары;
- үкіметаралық фельдъегерь байланыс қызметкерлері;
- халықаралық жүк тасымалымен айналысатын жүргізушілер;
- ресми (үкіметтік) делегация құрамындағы адамдар;
- дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме мен халықаралық ұйым қызметкерлері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері;
- Қазақстан аумағында орналасқан Өзбекстан нысандарына қызмет көрсетуші персонал, сондай-ақ Өзбекстан аумағында орналасқан Қазақстан нысандары;
- қызметін инвестициялық жобалар шеңберінде жүзеге асыратын азаматтар;
- Өзбекстанда тұрақты тұратын Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын Өзбекстан азаматтары;
- ауыр сырқаттанған жақын туыстарына бару немесе жақын туысының жерлеу рәсіміне қатысу мақсатында келетін адамдар;
- марқұмды тасымалдаушылар.
Бұл ретте әуеқатынасы сақталған.