Қалалық қоғамдық-саяси газет

Заман талабы – сапалы білім

0 297

Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенованың қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті.

Зере Қуаныш

Брифинг барысында облыстағы білім саласының жай-күйі сөз болды. Спикердің айтуынша, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 14 тамыздағы №47 Қаулысына сәйкес (Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс алгоритмі) Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 14 тамыз №32 Қаулысының негізінде санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, ағымдағы жылдың 18 тамызынан бастап мектепке дейінгі ұйымдардан кезекші топтар ашылған. Бүгінгі күні аудандар мен Тараз қаласынан барлығы 379 мектепке дейінгі ұйымдар ашылып, 1405 кезекші топта 17041 (33,8%) бала қамтылыпты.
– Облыста жаңа оқу жылында 238681 оқушыны қамтитын 442 мектеп жұмысын бастады. Пандемияға байланысты 2020-2021 оқу жылында оқу процесі екі түрлі форматта ұйымдастырылды. Облыстағы 234 мектепте 208000 оқушы қашықтан және эпидемиологиялық жағдай тұрақты шалғай елді мекендерде орналасқан 208 мектепте 30681 оқушы дәстүрлі түрде білім алуда. Жалпы қашықтан оқитын мектептердегі бастауыш сыныптарда 3727 «кезекші сыныптар» ашылып, онда дәстүрлі түрде 51420 оқушы білім алуда. Сондай-ақ қашықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру мақсатында мектептердің теңгеріміндегі 17545 дана компьютер аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім алуды қажет ететін балаларға үлестірілді. Оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге 26483 дана компьютерлік техника сатып алуға республикалық бюджеттен 4,1 млрд теңге бөлінді. 1 қыркүйекке дейін Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Шу, аудандарының және Тараз қаласының мектептеріне 2030 планшет таратылды. Алдағы уақытта 2756 компьютер, 20156 ноутбук, 1541 планшет қыркүйек-қазан айларында алынып, оқушыларға таратылатын болады, – деді Гүлнар Махақызы.

Облыста 2020-2021 оқу жылында 46 колледж жұмыс жасайды. Оның 23-і мемлекеттік, 23-і мемлекеттік емес (2 колледж уақытша жұмысын тоқтатқан). Биылғы оқу жылында 1 жеке меншік колледж ашылса, 1 жеке меншік колледж жұмысын тоқтатыпты. Колледждерде қашықтан оқыту zhambyltipo.kz сайты арқылы жүзеге асырылуда. Сайт қолжетімсіз болған жағдайда сайттың балама түрі «WhatsApp», «Телеграм», «Zoom» қосымшалары пайдаланылады. Ал шалғай ауданда, моноқалада контингенті 200-ден аспайтын 7 (1 КУИС) колледжде 1298 студент штаттық режимде білім алуда екен. Оның ішінде 90 студент колледж жатақханасында орналасқан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.