Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Заң мен тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің негізі

0 127
Қалалық мәдениет үйінде «Заң мен тәртіп» профилактикалық керуені  форумы өтті.
Қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруі ең алдымен заң үстемдігіне, тәртіп пен жауапкершілікке тікелей байланысты. Құқықтық мәдениеті жоғары, саналы әрі белсенді жас ұрпақ – әділетті қоғамның негізгі тірегі. Осы мақсатта Жамбыл облысы Полиция департаменті мен қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» профилактикалық керуені атты форум ұйымдастырылды. Шарада қала әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова, Тараз қаласы прокуроры  Нұржан Боранбаев, Тараз қаласы Полиция басқармасының бастығы Ардақ Мадимаров, ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Мұхаммед Қошмағанбетов аталған тақырып бойынша баяндама жасап, атқарылған жұмыстарды көпшілікке таныстырды.
Сонымен қатар сала мамандары тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіп,  көпшілікке ашық микрафон ұсынылды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.