Қалалық қоғамдық-саяси газет

Заңды тұлғаларды тіркеу тәртібі

0 221

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу соңғы уақытта өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР-ның 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттардың ҚР-ның заңнамасына сәйкестігін тексеруді, бизнеc сәйкестендіру нөмірі беріле отырып, оларға мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беруді, заңды тұлғалар туралы мәліметтерді бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізуді қамтиды.

2019 жылдың 1 шілдесінен бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңамалық актісіне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, заңды тұлғаларды тіркеу функция- сын әділет органынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілген. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР-ның 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 5-1-бабына сәйкес, коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады. ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы №66 бұйрығымен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына» сәйкес, заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуі Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы өтініш тапсырады. Содан кейін тір- кеуші органға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы комерциялық емес ақционерлік қоғамы, Шу ауданы жер кадастры және тіркеу бөліміне ұсынады. Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу баламалы түрде субъектілердің ықыласына қарай «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы берілуі мүмкін. Ол үшін заңды тұлға мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті «Электрондық үкіметтің» веб-порталында толтырылады және ұсынылады, электрондық цифрлық қолтаңба қойылады. Ал тіркеу алымын төлеу «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді (қайта тіркелуін), филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркелуін (қайта тіркелуін) растайтын құжат ретінде ҚР-ның Үкіметімен бекітілген нысан бойынша тіркеуші органмен ұсынылатын анықтама болып табылады. Сонымен қатар қазіргі уақытта жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері өзгергенде, басшысы өзгерген (басшысы тағайындалған, басшысының міндетін атқарушы тағайындалған, заңды тұлғаның мүлкін және қызметін басқарушы тағайындалған, басшысы лауазымынан шеттетілген) заңды тұлғаның, филиалдардың (өкілдіктің) тіркеу және өзге де мәліметтерін өзгерту хабарлама түрінде деректеріне өзгерістері мен толықтырулар электрондық хабарлама тіркеуші органға жүгінбей, автоматты режимде енгізіледі.

А.Карсенова,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы
коммерциялық емес ақционерлік қоғамы, Шу ауданы жер кадастры және тіркеу бөлімінің бас маманы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.