Қалалық қоғамдық-саяси газет

Заң бұзғандарға жаза қатаң

0 1  399

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 722-бабына сәйкес, аудит материалдары, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік органдардан материалдары бойынша әкімшілік істерді қарап, хаттамалар толтырады.

Сонымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын 207-бап бойынша бұзғаны үшін 10-нан 100 АЕК-ке дейін (айлық есептік көрсеткіш), қайталанған жағдайда 200 АЕК;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзғаны үшін 238, 239-баптар бойынша жеке тұлғалар, лауазымды тұлғалар, заңды тұлғаларға 50, 100 АЕК мөлшерінде, қайталанған жағдайда 200 АЕК және 1000 АЕК дейін айыппұл салуға әкеп соғады.
– 250-бап бойынша міндетті аудит жүргізуден жалтарғаны үшін шағын – 15 АЕК, орта – 20 АЕК, ірі – 200 АЕК айыппұл салуға әкеледі.
Департамент Кодекстің 462-бабының 3-бөлігі бойынша хаттама толтырып, ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарау үшін әкімшілік істер сотқа жібереді, онда заңды талаптарды немесе нұсқамаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін лауазымды тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Айта кету керек, жоғарыда аталған құқық бұзушылықтар Кодекстің 810, 811-бабына сәйкес, қысқартылған тәртіпте қаралуы мүмкін, бұл норма 7 (жеті) тәулік ішінде айыппұл сомасын аталған санкциясының 50% (елу пайызы) мөлшерінде айыппұл төлеу құқығын белгілейді. Мұндай құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады, яғни департаментпен Кодексте көрсетілген айыппұлдың толық сомасына қаулы шығарылады.
2024 жылдың есептік кезеңінде департаментте барлығы 602 әкімшілік хаттама тіркелген. Оның ішінде 457 материал қаралып, әкімшілік айыппұлдар салынған, 145 материал сотқа берілген. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 66,4 млн теңгені құрап, 66,0 млн теңгесі өндірілді немесе 99,4 пайызды құрады. Қалған 396,8 мың теңге төлем уақыты бар. Департаментке аудиторлық іс-шаралар қорытындысы бойынша 2 талап арыз берілсе, біреуі ішінара қанағаттандырылып, біреуі қаралуда. Департаментке берілген талап арыз саны алтауды құрап, оның төртеуі қанағаттандырылса, үшеуі қанағаттандырудан бас тартылды. Ал 1 арыз шақыртып алынған, біреуі кері қайтарылған.
Сонымен қатар департамент Кодекстің 239 және 250-баптарына сәйкес, қоғамдық мүддені білдіретін ұйымдарға (бұдан әрі – ОПИ) шара қолдану бойынша жұмыстар жүргізді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 09.09.2024 жылғы № KВ/7804-И хатына сәйкес, депозитарий – «Ақпараттық-есептік орталық» Акционерлік қоғамының ақпаратына сәйкес, қоғам мүддесін қорғайтын ұйым – ОПИ Қаржылық есептілік депозитарийіне (бұдан әрі – Депозитарий) 2023 жылға арналған жылдық қаржылық есептілікті және оған аудиторлық есепті заңнамада белгіленген тәртіппен ұсынбағаны анықталды.
Соған орай 2024 жылға «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ-ның ұсынған 18 ОПИ-дің (ҚЕ), 239-бап – қаржылық есептілікті ұсынбау немесе уақытылы ұсынбау бойынша әкімшілік жауапкершілікке 6 ОПИ тартылып, 3 138 200 теңге айыппұл салынды, оның 2 584 400 теңгесі өндіріліп, қалған 553 800 теңгенің төлем уақыты бар.
Айта кетерлік жайт, 2 ОПИ бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама талаптарын бірнеше рет бұзған және сәйкесінше Кодекстің 239-бабының 2-бөлігімен тартылған.
Департаментпен қалған заңды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 790-бабына сәйкес мәжбүрлеу шаралары қолданылды.
Қазіргі уақытта департамент қызметкерлерінің басым бөлігі іссапарда жүргендіктен, олардың іссапардан келген уақытта қосымша техникалық сабақ жүргізу қажеттігін айтып өтті.

Рахымжан Дильдаев,
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.