Қалалық қоғамдық-саяси газет

Зәкиева педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды ұсынды

0 1  538

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева Мәжіліске енгізгелі отырған балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңға түзетулерді жариялады. Түзетулерде педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру және тергеу кезінде қамауға алу да бар.

Ол балаға қатысты зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілікті қарастыратын заңнамада жеке баптардың жоғын түсіндірді. Сондықтан омбудсмен «Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық» атты жаңа бап құруды ұсынды.

Ұсынылып отырған түзетулерге сәйкес, мұндай қылмыстарда тараптардың татуласуы қарастырылмауы керек, сондай-ақ, «бас бостандығын шектеу» жазасын алып тастап, орнына Қылмыстық кодекстің 106, 107, 110, 140-баптарына сәйкес ол тек «бас бостандығынан айыруды» қалдыру керек.

Түзетулерге сәйкес, балаларға жыныстық зорлыққа қатысты тағы бір жаңа бап ұсынылды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 121-1 нөмірін алып, кінәлі адамды пробациялық бақылаудан өткізуді ұсынды. Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартуды ұсынды.

Бұл ретте балаға қылмыс жасағандар соталды тергеу кезінде қамауда болады. Уәкілдің айтуынша, әйтпесе күдікті жәбірленушіге қауіп төндіруі мүмкін.

Зәкиева енгізген маңызды түзетудің бірі – балалар мекемелерін тексеруге қойылған мораторийдің алынуы. Ол кейінгі жылдары балаларға қызмет көрсететін кәсіпорындарда зорлық-зомбылық жағдайларының көбейгенін түсіндірді. Сондықтан ол тыйымды алып тастаумен қатар, балалармен жұмыс істейтін барлық ұйымға лицензиялауды енгізуді жоспарлап отыр.

Заң жобасында барлығы төрт кодекс пен он заңға 55 өзгерту қарастырылған. Ол қыркүйекте түзетулерді  талқылау үшін Желіде жариялауға уәде берді. Осыдан кейін жоба үкіметтің қорытындысына, сараптамасына және Мәжіліске жіберіледі.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.