Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қызылордада жіті ішек инфекциясын жұқтырғандар күрт көбейді

0 580

Қызылорда облысында биыл жіті ішек инфекциясын 553 адам жұқтырған деп хабарлады turkystan.kz.

Инфекция жұқтыру бойынша 104 жағдай бау-бақша өнімдерімен байланысты болып отыр. Жаздың алғашқы айларында өңірде тұрғындар арасында мерзімінен ерте піскен бақша өнімдері мен жеміс-жидектерді тұтынатындар көбейген. Бұл жіті ішек инфекциясын жұқтырудың санын арттырады. Аталған көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 81,8%-ға жоғары.

«Аурушандық деңгейінің өсу тенденциясы Қызылорда қаласы және Арал мен Шиеліден басқа ауданнның барлығында байқалған. Жұқпалы жіті ішек ауруларының 87%-ы Қызылорда қаласының үлесіне тиеді. Науқастанғандардың 83%-ы 14 жасқа дейінгі балалар. Оның ішінде 2 жасқа дейінгі балалар 60-70%», – деді Қызылорда облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері.

Мамандар жемістер мен қауын-қарбызды рұқсат етілмеген орындардан сатып алмауға кеңес берді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.