Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қызылабадтықтарды қоғамдық көлік мәселесі толғандырады

0 1  722

Бүгін «Қызыл абад» алқабында өткен көшпелі қоғамдық қабылдауда қала әкімінің орынбасары Асхат Есеналиев тұрғындардың базынасына құлақ түруде.

Алқап тұрғындарының басым көпшілігі бала санының көбеюіне байланысты жаңа мектеп салып беруді, медпункті газбен жылыту жүйесіне қосуды өтінуде. Сондай-ақ №40 маршрутты алқаптың ішіне дейін созуды сұранғандардың да қарасы қалың.

Қабылдаудың алғашқы 30 минутының өзінде 10 шақты тұрғынын көкейдегі сауалдарын жолдады. Асхат Қамқабайұлы аталған мәселелер назарға алынғанын және жуық арада шешімін табатынын жеткізді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.