Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қызылабад» алқабын жасыл желек көмкерді

0 690

Тараз қаласын көгеріштендіруге биыл айрықша ден қойылып отыр. Осы бағыттағы ілкімді істердің нәтижесінде, шаһарда жасыл желек жамылған алқаптардың қатары артып келеді. Соның жарқын дәлелі – Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Қызылабад» тұрғын алқабына 5 мың түп тал отырғызылды.
Шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, мемлекеттік қызметшілер, ардагерлер мен белсенді жастар қатысып, акцияға өз үлестерін қосты. Қала тазалығы баршаға ортақ екенін баса айтқан шаһар басшысы жұртшылықты сенбіліктен шет қалмауға шақырды.
Жалпы биыл облыс орталығында 40 мың түп тал отырғызу жоспарланса, соның 20 мыңы «Жасыл белдеу» жобасы бойынша «Қызылабад» алқабына тиесілі. Айталық, 2022 жылы бұл маңға 10 мың, ал өткен жылы 20 мың тал егілген.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Аман ЕСЕН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.