Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қызу 36,6°С-тен төмен. Қауіпті ме?

0 417

Қазір пандемиялық шектеу шараларына байланысты сауда орталығы, бизнес орталық ғимараттарына, басқа да мекеме атаулыға кірерде термометрмен қызу өлшейтіні белгілі. Кірген адамның дене қызуы әртүрлі. Бірақ көбіне 36-37°С аралығында.

Адамның қалыпты дене температурасы 36,6°С екенін бәріміз білетін болармыз. Кейде термометр 36,6°С-тен төмен қызуды көрсетіп тұратыны бар. Бұл қауіпті ме әлде жоқ па? Нормаға сия ма, жалпы? Соны анықтап көрелік.

Дәрігерлердің айтуынша, дене қызуы 36°С шамасында болса, қауіптену еш реті жоқ. Кей адамның дене қызуы қалыпты нормадан шамалы төмен болады. Әсіресе, қарт адамдарда.

Бірақ 35°C пен одан төмен болса, онда қауіптенуге себеп бар. Бұл – аномалия. Медицинаны бұл құбылысты гипотермия деп атайды.

Адамның дене қызуы түсіп кеткен кезде, жүрек пен жүйке жүйесі, тыныс алу пен басқа да мүшелердің жұмысы бұзылады. Дене неге суып кеткенін дереу анықтамаса, ішкі ағзалар тоңып, жүрек пен тыныс алу жүйесі істен шығады. Жүрек тоқтап қалады.

Адам денесі көбіне суық пен аязда, суық суға шомылғанда тоңып, температурасы түсіп кетеді. Сондықтан гипотермиядан емделудің бірден-бір жолы – ол жылыну, жылыту процедураларын қолдану.

Кейде гипотермия құбылысы адамның ауруға шалдыққанын, қиын жағдайға тап болғанын білдіруі де мүмкін. Мәселен, инсульт алардың алдында дене қызуы қатты түсіп кетеді. Гипотиреоз бен гипогликемия, бас жарақаты мен ішімдіктен уланған кезде де дене суып кетуі мүмкін.

Сондықтан адамның дене қызуы еш себепсіз, тұрған жерде түсіп кетсе, созылмалы аурулары болмаса, онда дереу медқызметке жүгіну қажет.

turkystan.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.