«Әйелді ұру – қылмыс. Бұл бос ұран емес, бұл енді заң. Біз «қыз – жат-жұрттық деген ойдан жиренуіміз керек. Өз бауырыңнан шығып, тоғыз ай көтерген перзентіңді қыз болғаны үшін «жат» деп жақындатпау – фашизм. Мен әрбір ата-ананың өз қызын жат емес, жаным дегенін қалаймын. «Ұлдың мұрасы өзімізде қалады, қыздың мұрасы құдаларға барады» деп ойлау қате! Ұл өз пәтеріне өзі ақша тапса, ұтылмайды. Ал қыз үшін бұл – қауіпсіздік алғышарты», – деп ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Желідегі оқырман Дина Төлепбергенді қолдаса, ендігі бірі қарсы пікір жазып қалдырған.
Айта кетейік, Дина Төлепберген қыздарды кеш тұрмысқа шығуын қолдайтынын айтып, өз парақшасында жазба жариялаған еді.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Конвергенттік журналистика Білім беру бағдарламасның 3 курс студенті Тотанбаева Анель