Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қытайлық қазақ боксшы UFC чемпионы атанды

0 561

Росомаха лақап атымен танымал Қытайдағы қазақ боксшы Сайран Нұрданбек UFC чемпионы атанды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

27 жастағы спортшы Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 198 турниріне қатысып, 32 жастағы америкалық файтер Шон Сорианомен жекпе-жек өткізді.

Нұрданбек бірауыздан жеңіске жетті. Бұл оның UFC-дегі екінші жекпе-жегі және промоушн аясындағы бірінші жеңісі. Ол дебюттік жекпе-жегінде аустралиялық Джошуа Кулибаодан жеңілген болатын.

Еске салайық, орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы франциялық экс-әлем чемпионы Хассан Н’Дам Н’Жикамды нокаутпен жеңді.

Ал аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий доминикандық Алексис Гарсиядан басым түсті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.